Гостиницы в Алматы
2017-01-13 10:02:54 27 0

Халықаралық олимпиада комитеті 2008 жылы Пекинде өткен жазғы Олимпиада ойындарының алтын медальдарын сегіз ауыр атлеттен қайтарып алды. Олардың арасында сол жолы қазақстандық Алла Важенинаның алдын орап кеткен қытай спортшысы Цао Лэй бар.

75 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Цао Лэй алтын, Алла Важенина күміс, ал ресейлік Надежда Евстюхина қола медаль алған болатын.

Комитеттің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Цао Лэй нәтижелері күшін жояды. Себебі қайта тексерілген спортшының допинг-сынамасынан бойды өсіретін стимуляторлар табылған.

Осылайша алтын медаль екінші орын алған Алла Важенинаға өтеді.

Пікір жазу