Қытайдың Weibo әлеуметтік желісіндегі ақпараттарға сенсек, 12 сәуір күнгі дайындық барысында Димаш өзімен бірге ән шырқайтын қытайлық әріптесі Шаң Венжемен Майкл Джексонның «Dangerous» сияқты әлемдік хитке айналған бірнеше әнін қоса шырқаған.
Айта кетейік, «I am singer» байқауын ұйымдастырып отырған Хунань телеарнасының бас ғимаратына әншілердің үлкен суреттері ілініп, қазіргі уақытта ақтық бәсекеге қызу дайындық жүріп жатыр. Димаш бұл жолы бір ән, дуэтпен бір ән орындайтын болады.
Жас талант Шаңхай қаласындағы 24-кезекті «China Top music Awards» шарасының «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша, Шэньчжэнь қаласында өткен «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық дәрежедегі ең танымал әнші» номинациясы бойынша марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, ақтық сайыс 15 сәуір күні өтеді. Байқаудың шешуші сәтін «Хабар» телеарнасынан 22:00-де тікелей тамашалай аласыздар. Сондай-ақ Финал телевизиялық трансляциямен қатар Алматыдағы «Mega Alma-Ata» СОСО мен Астанадағы «Mega Silk Way» СОСО үлкен экрандарында көрсетілетін болады.