Гостиницы в Алматы
2017-04-14 16:08:13 6 0

    Қазақстандық теннисші Арсан Арашов мельдоний пайдаланғаны үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды ТАСС Халықаралық теннис федерациясының (ITF) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

        Тыйым салынған зат 17 жасар теннисшінің 2016 жылдың 9 шілдесінде Гандияда (Испания) өткен турнирде тапсырған допинг-сынамасынан табылған. Арашов 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жарыстардан уақытша шығарылып тасталған еді. Спортшының жарыстан шеттетілу мерзімі 2018 жылдың 29 қыркүйегі аяқталады.

        Арашовтың өтініші бойынша тәуелсіз сот анти-допингтік бұзу бағдарламасына сәйкес, тараптардың (Арашов пен ITF) дәлелдерін қарап, 10 сәуір күні спортшыны дисквалификациялау туралы шешім шығарды. Арашов әлемдік рейтингте 1729-орында тұр. Мельдоний 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (ВАДА) тыйым салынған дәрі-дәрмектер тізіміне енгізілген.

Деректер:inform.kz сайтынан алынды

Пікір жазу