Премьер спортшылардың жетістігіне жоғары баға беріп, бұл тынбай жаттыққан еңбектің арқасында келген жеңіс екенін атап өтті. Ол сонымен қатар Алматыдағы қысқы Универсиада ойындарының жоғары деңгейде өткенін, спортшылардың жеңісін еліміз мақтан тұтатынын айтып, ел үшін жанкүйер болған халыққа алғысын білдірді.
Ал Алматы әкімі Универсиаданың жабылуы салтанатына қатысып жатқанына қуанышты екенін айтты. Бауыржан Байбек Алматының мынжылдық тарихы бар әсем қала екенін де атап өтті.
Қала басшысы Универсиадаға 21 мемлекеттен 3 мыңнан астам еріктілер қатысып, күні-түні тынбай еңбектенгенін де еске салды.
Әкім келесі Универсиада Ресейдің Красноярск қаласында өтетінін де айта кетті.
Еске сала кетейік, кеше Алматыда Қысқы Универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтті.