Гостиницы в Алматы
2017-10-23 12:49:37 14 0

15 жастағы алматылық қыз Динара Мұратова Қазақстаннан шыққан тұңғыш рет греплингтен әлем чемпионы атанды. Бұл жайында Тengrinews.kz хабарлады.

Әлем біріншілігі Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен. Динараның айтуынша, ол осыған дейін джиу-джитсудан өткен әлем чемпионаттарында екі рет жеңімпаз атанған.

"Қазақстаннан Бакуге әр түрлі салмақта және әр түрлі жастағы шамамен 60 адам бардық. Менің әр елден жиналған қарсыластарым көп болды, бірақ мен оларды еш қиындықсыз жеңдім. Мен секілді тағы бір қазақстандық қыз "алтын" медаль жеңіп алды, алайда оның бірде-бір қарсыласы болмағандықтан, ол автоматты түрде бас жүлдені алды", - дейді жас спортшы.

Пікір жазу