Гостиницы в Алматы
2017-07-27 12:41:44 37 0

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Қазақ хандығы" сериалының екінші маусымына үш жастан сексен жасқа дейінгі аралықта актерлерге кастинг жариялайды. Бұл жайында киностудияның баспасөз қызметі хабарлады.

Кастингке үш жастан он жасқа дейінгі балалармен, 18-80 аралығындағы ерлер мен әйелдерге кастинг жарияланды. Барлық ұлт өкілдері қатыса алады. Ұйымдастырушылар әйелдерге талап қойды: "Әйелдердің татуажсыз, жасанды кірпіксіз және бет бояуынсыз келулерін сұраймыз". Кастинг Алматыда 25 шілдеден 10 қыркүйекке дейін төмендегі мекен жай бойынша жүреді. Әл-Фараби даңғылы, 176 "Қазақфильм" киностудиясы, ПЛК ғимараты, 2-ші этаж, 255 кабинетте өтеді.

Пікір жазу