Гостиницы в Алматы
2017-07-28 12:41:11 47 0

Голливуд актері Джон Малкович Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында болып, онкологиялық ауруға шалдыққан балалармен кездесті. "Оскар" сыйлығының номинанты балалардың өзі және шығармашылығы туралы сұрақтарына жауап берді. Бұл жайында Sputnik Қазақстан хабарлады.

"Мен ауруханаларда көптеген бала көрдім, бірақ ешқашан дәл осылай кездескен емеспін. Бүгін менің жүрегім езіліп кетті. Мен балаларды қатты жақсы көремін. Өмір кейде осылайша әділетсіздік танытады. Бірақ біз қолдан келгеннің бәрін істеуіміз керек. Мен барлық балалардың сауығып, балалық шақтарына оралуын тілейін", — деді Джон Малкович.

Реклама 07

Актер әзірге немерелерінің жоқ екенін, ал балаларының әкесінің жолын қумағанын айтты. Малковичтің қызы – аспаз, ал ұлы бояулы мотоциклдар жасаумен айналысады.

Балалар мен олардың ата-аналары актерден оның армандары, Астана туралы әсері, сондай-ақ Қазақстан туралы кино түсіргісі келіп-келмейтіні туралы сұрады.

Пікір жазу