Гостиницы в Алматы
2017-04-14 18:58:14 74 0

Бұл бойжеткендер «Q-pop» бағытын дамыту мақсатында жасақталған алғашқы қыздар ұжымы. Үш әнші мен қос рэперден тұратын гелзбендте: Мақпал, Аружан, Айсұлу, Жанар, Дана есімді арулар өнер көрсетеді. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Кристал барлығымыз білеміз, ол әр түрлі болып келеді. Біз де, бесеуіміз де бес түрліміз. Және де топтың аты «Кристалс». Кристалдың әр түрлі қырлары бар, біздің де 5 қыздың өзінің қыр-сырлары бар», – дейді «Crystals» тобы.

«Crystals»-тың жетекшісі де, 4 жылын Кореяда өткізіпті. «Кореяға 2011 жылы кетіп, 2015 жылы қайтып келдім. Сонда осы идея, бағыт «кью-поп» дейміз ғой шығады, шықпайтынын білмедім. Осындай системаны алып келгім келді. 2014-ші жылы ойымда болды. Мен ойланып жүргенде  «Ninety one» тобы шығып қойды», – дейді топ продюсері Анарим Қуанышбек.

Топтағы арулардың жасы 16 мен 20-ның арасында. Алматы, Ақтөбе, Орал, Қостанай қалаларынан. Қазіргі уақытта Гелзбенд алғашқы бейнебаянын «Адастырма» әніне таспалап жатыр.

 

Пікір жазу