Гостиницы в Алматы
2017-07-25 12:53:00 61 0

Көкшетауда көрерменге отандық комедияны ұсынған кәсіпкердің басы бәлеге қалды. Жекеменшік кинозалында Нұртас Адамбайдың «Побег из аула-операция махаббат» фильмі прокатқа шыққанннан бері рұқсатсыз көрсетіліп келген. Бұл жайында «КТК» арнасы хабарлады.

Авторлық құқықты сақтамаған 35 жастағы кәсіпкер әйел 11 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Сондай-ақ, фильмді жасаған компанияға 2 миллион теңге қарыз болып қалды.

2015-ші жылы прокатқа шыққан отандық кинокомедияны көруге ынтық көрермен көп болған сыңайлы. Кинозал иесі ешкімнен рұқсат сұрамай-ақ, ғаламтордан көшірмесін алып, көрерменге ұсынған. Билет құны 1500 теңге. Мұнда келгендер фильмді проектормен флешкадағы көшірмесі арқылы көріп отырғанын сезбеген де сияқты. Бірақ кезекті көрсетілім кезінде олардың ұрлығы ашылып қалған.

. Қазір кинопроектор, экран, тағы басқа да құрылғылар түгел тәркіленді. Автордың құқығын аяққа таптаған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды”,- дейді Ақмола облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Амангелді Нұржанов.

Пікір жазу