Ерген Айтымбетов – эстрададағы ерекше дауыс иелерінің бірегейі. Оны сахнадағы әріптестері жақсы біледі және мойындайды. Ұлықпан Жолдасовтың жетекшілігінде болған «Заман» тобының әншісі. «Саз әлемі» музыка байқауында «Жыл жаңалығы» аталымын, сонымен қатар, продюсер Баян Есентаеваның 10 мың доллар сыйлығын жеңіп алған.
Жанар Дұғалова – Бабы болса таланттың тасада қалмайтынын Жанар дәлелдеп келеді. 16 жасында республикалық «Жас қанат» байқауында бас жүлдеге ие болған. Мәскеуде білім алған ол, қазір “Shine” продакшн орталығының әншісі. Бұрын «КешYou» тобында өнер көрсетті. Оған қоса 2014 жылы «Turkvision» ән байқауында бас жүлдені қанжығалады.
Маржан Арапбаева – Ерекше вокал иесі. Бірнеше Республикалық және Халықаралық байқаулардың жүлдегері. Қазақ эстрадасында беделі жоғары, талантты әнші қыздардың бірі.
Жігер Ауыпбаев – «Меломен» тобының әншісі. Топпен қатар жеке шығармашылығын қатар алып жүрген орындаушы. Ерекше дауыс иесі.
Қайрат Түнтеков – өнер әлеміндегі алғашқы қадамын «Super Star KZ» тележобасынан бастаған. Кейіннен ол, халықаралық дәрежедегі ән байқауларынан жүлдемен оралып, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Өзге орындаушылардан қиын жанрдағы әндерді шебер жеткізе білуімен ерекшеленетін әнші.
Алтынай Жорабаева - Бірнеше тілде еркін ән салатын бірегей әнші. ҚР еңбегі сіңген қайраткер, «Дарын» сыйлығының лауреаты. Халықаралық ән байқауларының жеңімпазы. Алтынай Жорабаеваның репертуары мазмұнды әндермен толыққан. Дауысы да ән қоржыны сияқты кең.
Гауһар Қаспақова – Қазақ эстрадасындағы диапазоны кең әншілердің бірі. Өнер иесі көптеген байқауларда дипломант, лауреат атанған.
Мөлдір Әуелбекова – «КешYou» тобының экс солисті. Қазіргі таңда жеке шығармашылығымен және продюсерлікпен айналысады. Өнер жолын «Super Star KZ» тележобасынан бастаған. Ол – халық әндерін эстрада бағытында шебер жеткізіп жүрген әдемі әнші.
Рүстем Нұржігіт – «KZ» тобында өнер көрсеткен. Орындаушылық шеберлігінің күштілігін ән орындау мәнерінен аңғаруға болады.Бүгінде жеке ән салып, қалың жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп жүр.
Ерден Жақсыбеков – Өнер әлеміне жеке орындаушылықпен келген әнші. Бала күнінде бірнеше Халықаралық байқаулардың бас жүлдесін иемденген. 2014 жылы Алмас Кішкенбаевтың жетекшілігіндегі “V-Alem” тобына қабылданды.
Мақпал Исабекова - «Super Star KZ» жобасынан бастап халық жадында жақсы сақталған орындаушы. Мақпал заманауи, ерекше стильдегі әндерді нақышына келтіріп орындай алады. «Новая Волна» байқауында примадонна Алла Пугачеваның арнайы сыйлығына ие болып, ТМД елдері арасында көрермен көзайымы атанды.
Санда – Қазақстандық «Х Фактор» жобасында топ жарған қатысушы. Ол шетелдік әндерді шебер шырқайды. Қазақша туындыларға жаңа өзгеріс әкелген әншілер қатарынан. Қазіргі таңда продюсер Эрик Тастембековтің жетекшілігінде. Жаңа ән жазып, көрерменге танылу жолында аянбай еңбек етуде.

Пікірлер