Гостиницы в Алматы
2016-03-24 15:21:01 421 0

"Кешью" тобының экс-әншісі Айдана Меденова сұлулық салонын ашуды жоспарлап отыр, -деп хабарлайды Baistars.kz. Тұрмысқа шығып, ана атанған Айдана енді жеке әншілігін қолға алып, бірнеше әндер жазған болатын. Алайда әнші өзін тағы басқа қырынан сынап көрмек. Ол "Айдана Меденованың сән студиясы" деп аталатын сұлулық салонын ашып, қыздарға әсем көрінуге ықпал етпек. Қазір Айдана салонына білікті мамандар іздеу үстінде екен.

Айта кетейік, әнші қазіргі уақытта "Менімен биле" атты әніне бейнебаян түсіріп жатыр.

Пікір жазу