Гостиницы в Алматы
2017-04-16 22:25:40 191 0

Қазақстандық Анна Кравченко "Miss Amazing Songkran International-2017" сұлулық байқауында жеңіске жетті. "Байқау 13-16 сәуір аралағында тайлық Сонгкран қаласында өтті",-деп хабарлады Қазақпарат.

Байқауға 17 бойжеткен қатысқан. «Әлі де сене алар емеспін», - деп жазды модель инста парақшасында. Аннаның жасы  25-те. Модельдікпен 15 жасынан бастап айналысады екен.

«Университетке түскенде бар күшімді білімге салып, модельдік қызметімді тастап кеттім. Мен Азия елдеріне саяхаттағанды жақсы көремін және сол жерлерде жұмыс істеуге қуана келісемін. Осы уақытқа дейін Малайзияда, Қытайда, Вьетнамда жұмыс жасадым",- деп атап өтті қазақстандық ару.

 

Пікір жазу