Гостиницы в Алматы
2015-02-06 23:33:54 16958 6

Бүгін ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Жанар Айжанованың туған күні.

Жанар Айжанова 1968 жылы 6 ақпанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тұмалыкөл ауылында туған. 1995 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің музыка факультетін бітірген. 1985-86 жылдары Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі болды. 1991-2000 жылдар аралығында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында, «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамбльінде еңбек етті. «Гүлдер» ансамбльінің әншісі.болды. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет қайраткері атағы берілді.

Туған күн иесін бүгінгі айтулы күнімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыстар тілей отырып, әншінің өзінің қызыл кітабында жинақталған қазақтың керемет мақалдарымен астарлай айтқан мәнді әңгімелерін ұсынамыз.

Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады дейді. Қамшының сабындай қысқа өмірде жадырап, күліп, доспенен дос болып, тіпті дұшпаныңды да жаныңа жылы тартып жүру керек.

Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық. Сондықтан үнемі таңертеңмен ерте тұрамын.

Семіздікті қой көтереді. Сондықтан қазақта әуелі бақ бер, кейіннен сол бақты ұстап тұратын таудай салмақ бер дейді.

Қырықтан кейін жақсы әйел қылық шығарады, жаман әйел былық шығарады. Мені жұрт бұрын тек бөрікте көретін. Қазір түрлі рөлдерде киноларда ойнап жүрмін. Мен қылық шығарып жатырмын.

Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады. Сондықтан Алла берсе ғана барлық нәрсе болады.

Қыз үшін ең бірінші бақыт ол ана бақыты. Ана болу жолында өнерін құрбандық жасаса, ол үлкен ерлік. Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Сондықтан мен қызыма үнемі «егер саған жақсы жар, маған жақсы күйеу бала болатын жігіт кездесіп жатса, бәрін таста» деп айтамын.

Шақыруға бармасаң, шақыруға зар боласың. Сондықтан шақырған жерден қалмау керек. Өзім шақырған жерден қалмаймын. Тіпті бір өлең ғана айтатын кештер болса да барамын.

 Аяғы кіші сүйгенін киеді, аяғы үлкен сыйғанын киеді.

Жаман бергенін айтады.

Бүгінгі күннің батыры – елім деген азамат.

Темірқазығым – отбасым.

Пікірлер

  • Айна
    ең соңгы фотодагы кім,куйеуі ма?
  • Алма
    Жанар апай туган кунінізбен! Сіз сондай әдемісіз және жас көрінесіз. Сізге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Қызыңыз да әдемі. Сізден айнымайды. Сыңғырлаған дауысыңызбен бізге әндеріңізді айтып жүре беріңіз.
  • Айзада
    Жанар апайдын өнеріне табыс, отбасына Амандықттілеймін!
  • Akbota
    Керемет! Айко аман болсын! Шаңырағыңыз шаттыққа толы болғай!
  • Галия
    Айжан озин де анин де унайды.Сенин жанкуйеринмин.Сенин озин берген бир кездесуде сулик туралы айттын сол бетине сулик кабылдауын туралы айткан пикиринди толык тындагым не жалпы сулик туралы ойынды билгим келеди егер мумкиндигин болса пикир билдирсен
  • жанат
    жанар апай сазды жаксы коремыз андерыныз даусыныз да алла сызды денсаулыктан айырмасын балаларыныздын кызыгын корыныз

Пікір жазу