Гостиницы в Алматы
2015-07-02 12:30:28 2086 0

Жаз келді, демек теңіз жағасына демалысқа жиналатын уақыт та келді. Ендеше  30 градус ыстықта қалай сәнді әрі дұрыс киіну керек?

Бірнеше апталық демалысқа ең алдымен қажетті киімдер:

Шляпа

Шляпа - демалыс гардеробының ішіндегі ең бастысы. Ол ыстық күнде басыңызды күннен қорғайды және сәнді образды толықтырып тұрады. Әсіресе киіміңізбен бір түстес шляпа өте сәнді көрінеді. Ал көйлектермен классикалық шляпаны киген дұрыс.

Шляпа таңдау кезінде қажет пайдалы кеңестер:

- бет формасы үлкендеу қыздарға  ковбойлық шляпалар алған дұрыс.

— бет формасы орташа қыздарға орта классикалық шлыпалар дұрыс келеді.

— егер шляпамен көзілдірік тағатын кезде, шляпада артық суреттер болмауы керек.

— шляпаның үлкендігі иықтан аспағаны дұрыс, себебі ол адамның бойын қысқа етіп көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

Көйлек

Көйлек - жазда ең керекті әрі ыңғайлы киімдердің бірі. Сонымен қатар, көйлек қыз баланың ерекше нәзіктігін көрсетеді. Дегенмен оны да мейлінше дұрыс таңдаған дұрыс.

Көйлек таңдаған кезде ескеру керек:

— бойы қысқа қыздарға қатты ұзын емес, яғни қысқалау және иығы ашық көйлектер киген жөн.

— ал бойшаң ұыздарға қандай көйлек кисе де, жарасады.

— толықтау қыздар ешқандай артық суреттерсіз көйлектерді таңдағаны дұрыс.

 

 

 

 

 

Комбинезон

Комбинезон жазда кигенге өте ыңғайлы әрі сәнді киімдердің бірі.

Комбинезон таңдағанда ескеру қажет:

— иығы толық қыздарға үсті жейде ретінде келген комбинезон таңдаған дұрыс.

— қысқа бойлы қыздарға шалбары қысқа және белінде белдемшесі бар комбинезондар дұрыс келеді.

— ал ұзын бойлы қыздарға гүлді трендтегі комбинезондар жақсы жарасады.

 

 

 

Көзілдірік 

Көзілдірік те жазда сәнді обрыздың ажырамас бір бөлігі. Ол біріншіден, сәнді көрінуге, екіншіден көзді күннен қорғауға көмектеседі.

Көзілдірік таңдауда ескерген жөн:

— демалыс кездерінде әйнекті көзілдірікті таңдаған дұрыс, себебі ол көзді күннен жақсы қорғайды.

— беті арық қыздарға кішірек көзілдірік алған дұрыс, себебі үлкен көзілдірік бетінен асып тұрса, жаман көрінуі мүмкін.

— сары линзалы көзілдірікті күн қатты шықпай тұрған сәттерде киген дұрыс.

 

 

Жаздық аяқ киімдер 

Жазда түрлі сәнді аяқ киімдермен образды толықтыруға болады.

Аяқ киім таңдауда ескеру қажет:

— қысқа бойлы қыздарға сәл биіктеу платформалы аяқ киімдер киген жөн.

— теңіз жағасындағы демалыстарда ыңғайлысын алуға тырысу керек.

— көбінде жазда ленталы, байланатын аяқ киімдер сәнді көрінеді.

Пікір жазу