Гостиницы в Алматы
2016-03-15 14:30:41 37 0

Айман Мұсаходжаеваны туған күнімен құттықтаймыз!

Қазақстаннның халық әртісі, «Әлем әртісі» (ЮНЕСКО, 1998 ж.), Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі. Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан, Шығыс музыкасының сезімталдығы мен нәзіктігін, Еуропаның музыкалық мәдениетінің руханилығымен, көпқырлығымен үндестіре білген.

1993 жылы "Солистер Академиясы" Мемлекеттік камералық оркестрін ұйымдастырды. 1998 жылдан ол Астанадағы қазақтың Ұлттық музыка Академиясының ректоры қызметіне тағайындалды. Қазіргі кезде Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі.

1993 жылдан берi Айман Қожабекқызы Ресейдегi Петр Чайковский атындағы, Абрам Ямпольский атындағы (Дубна) Халықаралық скрипкашылар конкурсының, Италияның Милан қаласында өтетiн Микеланжело Аббадо атындағы Халықаралық скрипкашылар конкурсының қазылар алқасының мүшесi. Мәскеу, Алматы, Бiшкек консерваторияларының профессоры ретiнде белсендi, әрi педагогикалық қызмет атқарып келедi.

Пікір жазу