Меруерт Түсіпбаева қуанышын тойлады

Меруерт Түсіпбаева қуанышын тойлады

05.01.2015 2 пікір 1 461 рет оқылды

Әнші Меруерт Түсіпбаева кеше Алматы қаласының мейрамханаларының бірінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанғандығына орай жақындары мен достарының ортасында тойлап өтті.

Бұл жөнінде әнші өзінің Facebook-тағы парақшасында жариялаған болатын. «Құдай қаласа, тым жақын адамдарыма 2014 жылы алған атағымды жуамын, ресторанда , Ктк арнасы түсіреды, Фб -қа фотоларын саламын, қазір дайындық үстіндемін«,-деп жазған болатын.

Әншінің кішігірім тойына ең жақын құрбылары, достары, туыстары келді. Кеш барысында келген қонақтар әншіні атағымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, бағалы сыйлықтарын табыстады. Сыйлықтар қатарында «Қазақстанның халық әртісі қолтаңбаңды алтын қаламмен бер» деген ниетпен сыйға тартылған алтын қалам да бар. Меруерт Түсіпбаева кеште ән шырқап, келген қонақтардың көңілін көтерді.

Өнер иесі осыған дейін Мемле­кеттік «Дарын» жастар сыйлығы мен Мәдениет қайраткері атағын да алған болатын.

«Бұл менің 17 жыл ішінде өнердің өр­кен­деуіне қосқан үлесімнің нәтижесі деп білемін. Президент – ел басқарып отырған тұлға. Ендеше, Елбасының қолы қойылып, мемлекеттің мөрі басылған куәлік – маған деген елдің құрметі, сенімі, үміті деп түсі­немін. Халық арасында атақты бола тұра, елеусіз өтіп жатқан азаматтар бар. Сон­дық­тан мұндай жоғары марапатты алған да арманда, алмаған да арманда. Атаққұ­мар емеспін, бірақ 43 жасымда биік белесті бағындыру оңай еңбекпен келген жоқ. Бағымыз шығар, Алматыдан ұсынылған 18 адамның ішінде үш адамның жолы бол­ды. Қамал алатын жаста қолым жеткеніне дән разымын.Осыдан бірнеше жыл бұрын «Жұлдыз­дар отбасы» журналы жыл қорытындысы ретінде кеш ұйымдастырып, қатысушы­ларға шағын мүсінше сыйлады. Бірде алты жастағы ұлым үйге қонаққа келген кіш­кентай қыздардың бірі сол мүсіншемен ойнап отырғанын көріп, «Бұл анамның «Ос­кары», тиіспе!» деп қолы­нан жұлып алып, сүрткіштегені бар. Сол сәт­те темір-терсек, баға­лы-бағасыз, жақсы-жаман бол­сын, менің кез келген сыйлығым ба­лам­ның тәр­биесіне үлкен әсер ететінін түсіндім. «Ба­ламның бала­сына мақтаныш, үлгі бо­лып қалатындай награда­лар алуым керек екен» деп түйгенмін. Жалпы, мен өз бағамды білетін адаммын. Ешкімге ештеңе дәлел­дегім келмейді, кім, қалай ойласа да өз еркі Бұл сыйлықтың ертең немерелерім «әжеміз елге еңбегі сіңген қайраткер» деп айта жүретін­дей, артымда жақсы із, мәңгілік мұра болып қаларына қуанамын«,-деген болатын «Айқын» газетіне берген сұхбатында.

Біз де әншіні атағымен тағы да құттықтаймыз!

IMG_8102

IMG_8154

IMG_8103

IMG_8098

IMG_8151 (1)

IMG_8148 (1)

IMG_8118

IMG_8146

IMG_8142

IMG_8145

2 пікір

  1. Ерке
    #1 Ерке 5 Қаңтар, 2015, 18:00

    Унамайсын талпиш

  2. Ерке
    #2 Ерке 5 Қаңтар, 2015, 18:01

    Kuttiktaim