“Менің ойымша, әрбір азамат мемлекеттік тілді білуі қажет. Қазақстанда ол қазақ тілі. Әрбір адам өз ана тілін білуі қажет. Бірақ сонда да қазақ тілін білмейтін адамдарды, өкінішке орай, төмендету дұрыс емес деп ойлаймын. Қазақ халқын «таза қазақ», «шала қазақ» деп бөлудің қажеті жоқ. Өйткені бұл біздің мемлекетімізге үлкен зиянын тигізуі мүмкін. Қазақ халқы әрқашан бірлікте болуы керек.
Мүмкін мен қазақ тілін жетік меңгермесем де, енді жетік меңгеруге тырысып жатырмын. Басқаларды да соған шақырамын. Бірақ өз еркілерімен”, – дейді Нұртас Адамбай.
Есте болса, бұған дейін Нұртас Адамбай мемлекеттік тілдің маңыздылығын айтқан еді. Ол кезінде орыс тілді мектептердің сапалы білім бергенін алға тартып, сол кездегі жастарды қазақ тілін еркін меңгермегені үшін кінәламау керектігін жеткізді. Сондай-ақ, Нұртас Адамбай орыс тіліне алғыс айтып, оны білу біздің әлсіздігіміз емес, керісінше мықтылығымыз екенін мәлімдеді.