«Менің жеңісім – қазақтың жеңісі!…» Астары қалың, аталы сөз тек атадан асып туған ердің аузынан шықса керек. «Менің жеңісім – қазақтың жеңісі!..» Жекенің емес көптің көзайымы. Мұндай ой өз арманы мен мақсатын ұлттық мүдде мен мұраттан бөлектей алмайтын арда азаматтың ғана кеудесіне ұялары хақ. Бұл сөз фәни жалғанда 20-ақ жыл ғұмыр кешкен қыршын жастың қып-қысқа өмірінің бар мәнін ашып тұрғандай. Ол осынау сөзімен-ақ XXI ғасырда қазақ елінің балалары қандай болуы керектігін ұғындырып кеткендей. Күрмеуге келмес қысқа ғұмыр. Бұл жаста ел ескерер ерлік жасау былай тұрсын, көп адам болашағын жоспарлап, арман-мақсатын айқындап та үлгере алмайды. Бірақ, Бекзат көптің бірі емес еді. Тәңірі оған аз да болса елінің көңілінен шығар ғажайып ғұмыр сыйлапты. Табиғатынан алғыр Бекзат тарих, әдебиет, жағрафия пәндерін өте жақсы бағамен оқыпты.
Бекзат отбасындағы төрт ұлдың кенжесі еді. Ол дүниеге келген 1980 жылдар әлемнің ең үздік спортшылары Мәскеу Олимпиадасына дайындалып жатқан кез болатын. Жиырма жылдан соң сол додаға Бекзаттың да бел шешіп араласатынын ол шақта кім болжапты. Анадан арда туған асыл азамат Олимпиаданың биігін бағындырып, көк байрағымызды Сидней аспанында желбіретті. Олимпиада жеңісінен соң елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бекзатқа 1 дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Бұл сәт қазақ боксының тарихында алтын әріппен жазылды. Өйткені Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері болды.
Жер бетінде қазақ барда оның есімі ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшамаудан мен спорт кешені бар. Алматы қаласында көшеге батыр ұлдың аты берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтіп тұрады. Мұның барлығы елім деген еріне жасаған ұлттың құрметі.