Гостиницы в Алматы
2015-05-14 13:46:02 3605 5

Baistars.kz сайты ұйымдастырған «Ең үздік дауыс» байқауы мәреге жетті.

Жеңімпазды анықтау оқырмандар арасындағы сауалнама мен кәсіби мамандардың пікірі арқылы жүргізілген болатын.

Біз ұсынған 12 орындаушыға 2765 адам дауыс берді.

Нәтижесінде:

12 орын – Рүстем Нұржігіт – 2 дауыс

11 орын – Санда – 15 дауыс

10 орын – Гауһар Қаспақова – 22 дауыс

9 орын – Мақпал Исабекова – 45 дауыс

8 орын – Ерден Жақсыбеков – 60 дауыс

7 орын – Алтынай Жорабаева – 100 дауыс

6 орын – Маржан Арапбаева – 111 дауыс

5 орын – Қайрат Түнтеков – 112 дауыс

4 орын – Жігер Ауыпбаев – 118 дауыс

3 орын – Ерген Айтымбетов – 500 дауыс

2 орын – Мөлдір Әуелбекова – 645 дауыс

1 орын – Жанар Дұғалова 795 дауыс

Оқырмандар таңдауы осылай болды.

Жеңімпаз – Жанар Дұғалова.

Уәде еткеніміздей, «Ең үздік дауыс» иесін анықтау үшін мамандардың пікіріне жүгіндік. Олар да өз ойларын ортаға салды. Сазгер Арман Дүйсенов эстрадамыздағы орындаушылар арасында үздіктердің көп екенін жеткізді. Олар біз жариялаған тізімнен бейхабар еді.

Арман мырза, өз ойынша, ең үздік дауыс Мейрамбек Беспаевтікі екенін айтты. Оған қоса, Сәкен Майғазиев, Маржан Арапбаева мен Жанар Дұғалова, Ерген Айтымбетов, Қарақат Әбілдина, Мұрат Қожа мен Айгүл Қосановаларды үздік дауыстар қатарына қосуға болатынына сенім білдірді. Сазгер үшін бұл есімдерді атау сәл қиынға соқты. «Себебі шоу-бизнесте жүрген жүйріктердің әрқайсысы өз орындаушылықтарымен ерекшеленеді. Мықтылар арасынан бірнеше есімді атау оңай емес»,- деді ол.

Ал, Бағым Мұхитденова үшін үздік дауыс иелерін анықтау оңай болды. «Өзімнен тәлім алып жүрген Жанар Дұғалованың мықтылығын барлығы мойындаған. Ол - шындық . Десек те, Жанардан кем түспейтін дауыс иесін Маржан Арапбаева деп білемін. Шығармашылығы мен дауысының күші өте керемет. Ал, ерлер арасындағы ең ерекше, әрі үздік дауыс – Ерген Айтымбетовтікі. Ол қай бағыттағы әнді болмасын шебер орындайды. Ал, дауысын құбылтып, түрлі стильде сынап, ән салған Ерден Жақсыбеков те, жігіттер арасындағы үздік дауыс деп айта аламын»,- дейді кәсіби маман.

Жеңімпазды анықтау үшін Арман Дүйсенов пен Бағым Мұхитденовадан бөлек бірқатар мамандардың пікірі ескерілді. Алайда олар өз есімдерін жарияламай, жасырын ұстауды жөн санады.

Қорыта келе, дауыс беру нәтижесінде алға шығып, мамандардан үздік баға алған Жанар Дұғалова new.baistars.kz сайты ұйымдастарған «Ең үздік дауыс» байқауының жеңімпазы атанды.

Жақында ғана Мәскеуге барып бейнеклип түсіріп келген әнші, жеке шығармашылығын жандандыру жолында тынбай талаптануда. Бұрын «Кеш YOU» тобында өнер көрсеткен Жанар, бірнеше әндердің сөзі мен сазын жазған автор. Дауысының мықтылығын түрлі байқауларға барып, жеңімпаз болу арқылы дәлелдеп жүр.

Сайт ұжымы атынан «Ең үздік дауыс» иесін құттықтаймыз. Болашақта әлі талай биіктерді бағындырып, тыңдарманға ұнамды мағыналы әндеріңіз көп болсын дейміз.

Пікірлер

  • Али
    Кәмшат озды Жанардан
  • мика
    Жанар даусы жаксы болғанымен, казакшылыктан жұрдай. Сосын олесн аитканда бетин трижитп келип аитады,киналп кетесин карап отырып
  • Гүлнұр
    Жанар жарайсың! Сен ең мықты жас талантсың!
  • Бибiсара
    Жарайсын алга Жанар сиз керемет аншисиз
  • Әйгерім
    бәрібір Мөлдір Әуелбековаға жетпейді әні сәні киім киісі сахнада жүріс -тұрысы.Тек бақырған дауысы бар

Пікір жазу