Бір апта бұрын продюсер Баян Есентаева Инстаграмдағы оқырмандары арасында байқау ұйымдастырып, жеңген адамға 1000$ (ескі бағаммен) сыйақы уәде еткен еді.
Финал жақындағанда продюсер үздік шыққан екі үміткерді жариялап, жеңімпазды оқырмандарының даусы арқылы анықтайтынын айтты. Дегенмен, кейін екі үміткер де үздік болғанын айтып, сыйақыны тең бөліп беруді жөн көрді. Осылайша 180 000 теңгені @bekzhomie жəне @zhuli_jan аккаунт иегерлері бөліп алатын болды.
Осыған дейін Инстаграмда #спойточьвточь хэштегімен жарияланған, сыйақыға үміткерлердің үздігін қарастырған едік.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS