Бұл туралы «Ақтөбе» газетінің бас редакторы, ақын Бауыржан Бабажанұлы фейсбук парақшасына жазды. «Димаштың қытайлықтар түгел жаттап алған «Ұмытылмас күн» атты әнінің сөзін жазған Орал Байсеңгір әдемі ұсыныс айтты. «Ақтөбеде биыл бірқатар әлеуметтік нысандар іске қосылады ғой. Соның ішінде «Жастар сарайы» да бар. Соған Димаштың есімі берілсе, қатып кетер еді, иә? Әй, журналистер, осы ұсынысымды баспасөзге жариялаңдаршы». Жұрт ду ете қалды»,- деді бас редактор.
Меніңше, Оралдың ұсынысы өте дұрыс. Әрі бізде бұрын мұндай тәжірибе бар. Жаңылыспасам, Қарағандыда, Өскемендегі спорт сарайларына олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Ольга Шишигинаның есімдері берілді. Ал Ақтөбедегі су жаңа Жастар сарайына 23 жасында күллі әлемді мойындатқан Димаштың атын берсе, жүзікке қас қондырғандай боп шыға келмей ме?! Қалай ойлайсыздар?» – дейді Бауыржан Бабажанұлы.