Гостиницы в Алматы
2017-12-21 16:23:31 27 0

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBO) жаңартылған рейтингінде бір саты жоғары көтерілді. Бұл жайында vesti.kz хабарлады.

Ал, рейтингтің көшін британдық Лиам Смит бастап тұр.

Үшінші орында WBO (International) белбеуінің иегері, ресейлік боксшы Магомед Кубонов орналасқан.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Пікір жазу