Гостиницы в Алматы
2016-11-22 16:17:11 90 0

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы актер Тұңғышбай Жаманқұловтың босап шығуына қажет 5 млн теңгенің 1,5 миллиондайын өз қалтасынан бөлген. Бұл туралы ол Азаттық Радиосына берген сұхбатында мәлім етті.

Журналист Қасым Аманжолмен болған сұхбат барысында министр "Феникс" фильміне қатысты іс туралы және Еңлік Сыдықованың өзін айыптауына қатысты түрлі деректер мен құжаттарды келтіреді.

Министр өзінің Тұңғышбай Жаманқұловтың қамаудан босап шығуына қаншалықты қатысы бар екендігі туралы айтып берген.

"Бұл кісі - халық әртісі" дедім... Ол кісі 5 миллион теңгені мойнына алып отыр. Сол қаражатты құю керек деді. Соған ат салысып, бірнеше азамат 5 миллионды жинап бердік", - дейді ол.

Журналистің "Құпия болмаса, өзіңіз кепілге қанша қаражат бердіңіз?" деген сұрағына Арыстанбек Мұхамедиұлы "Бір жарым миллион теңгедей" деп жауап берді.

Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған кезде Арыстанбек Мұхамедиұлы оның босап шығуына кепілақы беретіні жөнінде айтқан болатын.

Министр "Феникс" фильмін әзірлеу барысында жобаның түсіру құрамы бойынша режиссермен келіспеушіліктер болғанын жеткізді. Сонымен қатар сценарийге қатысты да сұрақтар туындаған. Нәтижесінде министр фильм түсірушілерден бұған дейін жасалған дүниелердің есебін сұраған. Кейін бұл құжаттардың дұрыс еместігін айтып, "Феникс" жобасын уақытша тоқтатып, қазіргі таңда басқа да жобаларға кеңірек көңіл бөлу керектігін айтады.

Министр Талғат Жәнібековтің айыптауын Еңлік Сыдықова айыптауынмен тек оның режиссердің сөзін қолдап шыққаны байланыстырып отырғанын айтты. Еңлік шыққан кезде «Феникс» фильмі төңірегіндегі тексеріс басталған болатын. Министр қаржы полициясына олардың бопсалаумен 3 миллион долларды алып кеткісі келетінін, алдыңғы қаражаттарының құжаттарының дұрыс емес екендігін айтқан. Министрлікте де Республикалық Есеп комитеті тексеріс жүргізген. «Қазақфильмді» тексерген кезде «Феникске» бөлінген 80 миллион теңге қаражаттың қайда жұмсалғаны жөнінде ешқандай құжаты жоқ, таза емес екендігін мәлім болған

Еңлік өзінің айыптауында«режиссерді қолдаймын, министр отставкаға кетсін» деген. Бірақ министр бұл айыптау мен қолдаудың еш негізсіз екенін, онымен еш бетпе-бет кездеспегенін, танымайтынын тағы да қайталап айтып өтті.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Еңлікке қандай жаза кессе де соттың өзі шешсін, ал өзінен тек қана кешірім сұрауын, ешқандай  моральдық, материалдық шығын талап етпейтінін айтты.

Ал режиссерге қатысты сөзінде түрме жазасын сұрамайтынын айтты. Оның тек үкімет алдында ғана борышкер екенін білдірді.

Пікір жазу