Гостиницы в Алматы
2016-12-22 18:29:04 39 0

WBA, IBO, WBC және IBF бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин ең қауіпті боксшылар рейтингінде екінші орын алды деп хабарлайды Егемен Қазақстан. 

Үздік бес боксшының тізімін НВО арнасының журналисі Джим Лэмпли жасады.

"Геннадий Головкин — біздің заманымыздың ең мықты боксшысы. Ол қарсыластарына өзіне соққы жасауға мүмкіндік береді, кей кездері ол маңдайынан осылайша соққылар алып жатады", — деді Лэмпли өзінің The Fight Game атты бағдарламасында.

HBO журналисі бірінші орынға украиналық боксшы Василий Ломаченконы қойған.

"Ол өз өмірінде ең қауіпті қарсыласпен шаршы алаңға шығып, бір соққы да тигізбей, керемет соққылар жасады. Ол осы әрекетімен, қазіргі уақытта оны жеңу — қиынға соғатынын дәлелдеді", — деді ол.

Үздік бес боксшының қатарында никарагуалық Роман Гонсалес, америкалық Андре Уорд және ресейлік Сергей Ковалев бар.

 

Пікір жазу