Осыған дейін аталған турда Димаш екінші орын алды деген ақпарат жарияланған болатын. Жалпы есепте қазақстандық әртіс бірінші орында тұр.
Осы уақытқа дейін Димаш Құдайбергенов "Singer" жобасының он кезеңіне қатысқан болатын. Ол, сондай-ақ Қытайдағы танымал адамдар рейтингінде бірінші болып тұр. Қазақстандық әнші Қытайда танымал көлік брендінің жарнамасына да түсіп, белгілі актер Джеки Чанмен кездесіп үлгерді.
Қытай БАҚ-тарында "Димаш феномені" деген термин пайда болды. Әнші жылдың соңына дейін жеке альбомын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.
Әнші туралы барлық деректі мына жерден білуге болады.

Пікірлер