Гостиницы в Алматы
2017-07-09 10:58:08 5 0

ПОЛЬШАДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

Польшаның Варшава қаласында 7-9 шілде аралығында грек-рим күресінен «Пытлясинский-2017» Халықаралық турнирі өтуде.

Турнирге Жапония, Беларусия, Ресей, Қырғызстан, Венгрия, Литва, Грузия, Молдавия және Қазақстан мемлекетінен балуандар келген.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстандық балуандар 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Ал, 74 келі салмақтағы Жігер Закиров ақтық сынға дейін жетіп, финалда Беларусь балуаны Али Шабановқа есе жіберді. Осы салмақта Ғалымжан Үсербаев қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ 61 келіде отандасымыз Саятбек Оқасов қола медальға қол жеткізді.

Пікір жазу