Гостиницы в Алматы
2017-07-10 11:25:20 191 0

Сахнада жүріп өз бақытын тапқан жұлдыздар кімдер? Baistars.kz сайты назарларыңызға сахна сәніне айналған үлгілі отбасылар тізімін ұсынады.

  • Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер

Қанат-Айткүл Құдайбергеновтердің де отбасы бар қазаққа үлгі. Екеуі 1975-77 жылдары Алматыдағы "Қазақконцерт" бірлестігі жанындағы жастар эстрада-цирк студиясында бірге оқиды. Қанат профессор,күйші Құбыш Мұхитовтың класында, ал Айткүл Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің класынанда дәріс алған. Осылайша өнер екі жастың басын қосады.  Таланттарының арқасында екеуі қол ұстасып әлемнің түкпір-түкпірін шарлады.  Қанат пен Айткүл 3 бала мен 1 қыздың ата-анасы атанады. Ән мен жырдың ортасында тәрбиеленген балалары өнерден алыс кеткен жоқ. Ұлдары Ербол - күйші, домбырашы, ал әйелі Назгүл - қобызшы. Екінші ұлдары Айбол - күйші, әнші,сазгер, шертерші, ал Ерболат - қазақ эстрадасындағы жаңа бағыттағы әншілердің бірі, қыздары Салтанат өнер академиясының түлегі

  • Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаева

Рамазан аға мен Ұлту апай Алматыдағы эстрада-цирк студиясында оқып жүріп танысқан, отбасы құрғандарына 30 жылға жуықтаған. Рамазан Стамғазиев дәстүрлі әннің жоғын жоқтап жүрген азаматтардың бірі. Отбасыларында бір ұл, бір қыз өсіріп отыр. Ұлту апай баларының басы-қасында болып, олар біраз өскенде ғана өнер академиясының күндізгі бөлімін бітіріп, эстрадаға кейіннен ғана шықты. Рамазан ағаның айтуынша бұл отбасының ең кереметтілігі – қазақшылығында.

  • Қанат пен Света Айтпаевтар

Қанат пен Света педагогикалық институттың бірі музыка, бірі филология факультетінде оқып жүргенде танысқан. Өнер айдынында бірге жүзіп келе жатқан жұптың үш бала тәрбиелеп отырған жайлары бар. Үлкен ұлдары Димаш Құдайберген де әнші. Ол 2012 жылғы «Жас Қанат» байқауының гран-при жүлдегері, 2012 жылы Украинаның Ялта қаласында өткен «Шығыс базары» халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алған. Сондай-ақ, 2015 жылы Витебскіде өткен "Славян базары" халықаралық ән фестивалінде де оған тең келген ешкім болмады.

 

  • Тоқтар мен Бейбіт

Тоқтар мен Бейбіттің табысуы да өнермен тығыз байланысты. Тоқтар Бейбіттің алғаш ән орындағанын көргенде, қазақ эстрадасына дауысы да өзі де әдемі қыз келді деп қуанған. Ағалы-қарындас болып араласып жүргендіктен Тоқтарға сезімін білдіру оңай болмаған. Кейін дуэт жаздырып, сахнада бірге өнер көрсете бастады. Ол турал Тоқтар: "Содан соң, іле "қос дауыста ән шырқап көрсек қайтеді?" деп тағы да тілегімді білдірдім. Бейбіт ұсынысыма бірден келісті. Көп ұзамай үлкен сахнада қол ұстасып ән айттық. Сірә, өнерім де, өзім де ұнаған болуым керек, Бейбіт "тағы бір ән жаздырайық" деді… Осы қолқасының өзі біраз нәрсені аңғартады емес пе?!"- деп еске алады. Жұлдызды жұп 2007 жылы отбасын құрды.

  • Қыдырәлі мен Қарақат

Олар 1996 жылы кездесті. Бұл кезде Қарақат консерваторияның студенті болса, Қыдырәлі "АБК" тобы арқылы елге танылып қалған еді. Олар екі жарым жыл бойы аға мен қарындас секілді араласып тұрды. Қыдырәлі өзінің концерттік сапарларына болашақ жарын домбырашы ретінде ертіп жүрген.

Үш жарым жылдан кейін олар шаңырақ көтерген қос әнші бүгінде 5 (4 ұл 1 қыз) баланы тәрбиелеп отыр.

  • Жанболат пен Жазира

Көп қазақтың жүрегін сазды әндерімен, қоңыр дауыстарымен жаулаған жұлдызды жұп. Екеуі алғаш жолыққанда Жазира 16 жаста болатын, содан бері өмірде де, өнерде де бірге. Екеуі жатақханада көрші бөлмеде тұрған, Жанболат әйтеуір бір сылтау тауып Жазира қыздармен тұратын бөлмеге барғыштай берген екен. Қол ұстасқан жұптың Қазыбек есімді ер жеткен ұлдары бар.

  • Бүркіт пен Аиша

Өнерлі жұп туған күн кешінде танысқан. Туған күн иесін құттықтап келген би тобында ерекше назар аударатын сұлу, Бүркітке ұнап қалған екен. Өзінің фильміне актриса іздеймін деп сылтауратқан әнші Аишаның телефон нөмірін сұрап алған. Бүркіт Аишаға үйлену үшін екі жыл "жүгіріп", үш мәрте үйлену туралы ұсыныс жасаған. Қазіргі таңда жарасымды жұп тың Зейін атты ұлы бар.

  • Мирас пен Құралай

Әнші жұптың таныстығы бірге ән айтудан басталған. Бірге жұмыс істегендіктен, бірін-бірі жақсы тани бастайды. Мінездерін ұнатып, үйленуге шешім қабылдайды. Өздерінің айтуынша, екеуін жұптастырған – жан аңсары, жүрек қалауы екен.  Өнерлі жұп 4 баланың ата-анасы

 

  • Баян мен Ерлан

Баян Нұрмышева өзінің биязылығымен, қарапайымдылығымен халықты баурап алған әнші. Жұлдызды жұп алғашқы уақытта сезімдерін жасырғанымен, 2015 жылы шаңырақ көтерді. Бүгінде олардың Назарәлі мен Зейін есімді екі ұлдары бар.

 

  • Арман мен Аша

 

2015 жылы шаңырақ көтерген бұл жұптың жұптың бүгінде бір қыздары бар. Арман мен Ашаны дат табыстырған өнер сахнасы.

Пікір жазу