«Дарын» жастар сыйлығының иегерлері марапатталуда

«Дарын» жастар сыйлығының иегерлері марапатталуда

30.12.2014 0 пікір 549 рет оқылды

Қазір Астана қаласында мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімі өтуде.

«Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығы 1999 жылдан бері Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметтерi үшiн берiледi. Сыйлық талантты қыз-жігіттерді ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріліп келеді.

Сыйлық (саны – 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр мен кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі. Мәселен осыған дейін: Бақтияр Артаев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Мейрам Бегентаев, Махат Садық, Ақберен Елгезек, Ринат Кертаев, Бекболат Тілеухан, Нұрлан Өнербаев, Кыдырәлі Болманов, Ерболат Құдайбергенов, «Муз АРТ» тобы секілді танымал азаматтар алған.

Биылғы «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері қатарында «Болашақ» стипендиясының иегері, журналист Рахат Жақсыбай, бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов, эстрада жұлдыздары «Жігіттер» тобы, Ибрагим Ескендір, Димаш Құдайбергенов сынды азаматтар бар.

Барша «Дарын» жастар сыйлығының иегерлерін құттықтаймыз!

Казак даласындагы ерекше онер иелеримен……

0 пікір