Қытайда Мейрамбек Беспаевтың сыңары табылды

Қытайда Мейрамбек Беспаевтың сыңары табылды

30.12.2014 5 пікір 1 049 рет оқылды

Қытайдан белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың сыңары табылды, — деп хабарлайды Қамшы.kz порталы.

Дауысы да, түр-сипаты да Мейрамбек Бесбаевтан аумайтын әншінің аты-жөні — Бақыткелді Мұқашұлы. Ол 1989 жылы Шыңжаңдағы Іле Қазақ автономиялық облысының Шапшал-Сибо ауданында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Қытайдың Үрімжі қаласында тұрады. Мұқашұлы 2008 жылы Қайнар Бәзілжанұлы, Санат Тұрсынбақытұлы деген өнерпаздармен бірлесіп, «Гәкку» атты топ құрады, екі альбомды жарыққа шығарады («Жаңаарқа», «Басқа жыл»). Алайда бұл топ Қайнар есімді әншісінің Қазақстанға көшуіне байланысты тарап кетіпті.

Бақыткелді Мұқашұлымен «Гәкку» атты топта бірге өнер көрсеткен әнші Қайнар Бәзілжанұлы Tengrinews.kz тілшісіне Мейрамбек Бесбаевтың жас «сыңары» туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, Бақыткелді Мейрамбекке бала кезінен еліктеген. «Бақыткелдінің дауысы шын мәнінде Мейрамбек ағамыздың дауысына ұқсайды. Өзі домбыра да шертеді. Жүріс-тұрысы, қимылын сахнадан көргендер Бесбаев екен деп қалатынын ылғи айтып жүреді», — деді ол.

Айта кетейік, Бақыткелдінің арнайы музыкалық білімі жоқ. Қазір ол «Дос» деп аталатын топта әнші Жәнат Нұрсұлтан есімді жігітпен бірге ән орындайды. Әлеуметтік желідегі фотосуреттеріне қарағанда, Бақыткелді өзінің сүйікті әншісімен өмірде жүзбе-жүз кездескен.


8979(1)

photo_62607

Alashainasy.kz

5 пікір

  1. жансая
    #1 жансая 31 Желтоқсан, 2014, 02:48

    Мейрамбек агага касы уксамайды. Биздин Мейрамбек ага красавчик.

  2. Асель
    #2 Асель 31 Желтоқсан, 2014, 12:16

    Ұқсамайды ғой мүлдем!!!! Арасы жер мен көктей, мен мүлдем ұқсатпадым…

  3. Нұрбол Садуакас
    #3 Нұрбол Садуакас 31 Желтоқсан, 2014, 14:22

    Мейрамбек ағамызға еліктеген жас əншілер жетіп жатыр. Мен үшін ол таңқалатын жаңалық емес. Себебі өзімде кішкентай кезімде еліктегенмін. Барлық əнші өзі үлгі тұтатын əншіге еліктеп өседі. Ең бастысы кейін өз жолын тауып кетсе болғаны.

  4. Barshagul
    #4 Barshagul 1 Қаңтар, 2015, 19:54

    Кай жери уксайды мулде уксата алмадым!!!!

  5. Айман
    #5 Айман 5 Қаңтар, 2015, 17:28

    Дауысы оте катты уксайды, бирак халыкка озин жеке дара танылганын жаксы емеспе, анаган уксайды мынаган уксайтын бала деп танылганнан гори