Гостиницы в Алматы
2016-12-25 11:52:29 85 0

Әлеуметтік желіде белгісіз біреулер Баян Есентаеваның атынан конкурс өткізіп, смартфон ойнатып жатыр. Бұл туралы продюсердің өзі хабарлады. 

Әлеуметтік желідегі жалған аккаунт түпнұсқадағы парақшаны айна қатесіз қайталауда, бірақ айырмашылықты байқауға болады. Продюсер Баян Есентаева оқырмандарын өзінің атын жамылып, түрлі науқандар өткізіп жүрген алаяқтан сақ болуды ескертті.

"Достар, бұл жалған парақша, мен ешқандай телефон ойнатып жатқан жоқпын", - деп жазды ол, жалған парақшаның фотосын жариялап.

Друзья, это фейк страница, я не разыгрываю телефон. 😳

Фото опубликовано Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)

Аккаунттың түпнұсқасы "bayanmaxatkyzy", ал жалған парақша - "bayanmaxatkyzy_" деп жазылған. Жалған парақшадағы оқырмандар саны - 900 мыңнан астам, ал шын аккаунтта екі миллионнан астам оқырман бар.

 

Пікір жазу