Әлеуметтік желідегі жалған аккаунт түпнұсқадағы парақшаны айна қатесіз қайталауда, бірақ айырмашылықты байқауға болады. Продюсер Баян Есентаева оқырмандарын өзінің атын жамылып, түрлі науқандар өткізіп жүрген алаяқтан сақ болуды ескертті.
"Достар, бұл жалған парақша, мен ешқандай телефон ойнатып жатқан жоқпын", - деп жазды ол, жалған парақшаның фотосын жариялап.
Аккаунттың түпнұсқасы "bayanmaxatkyzy", ал жалған парақша - "bayanmaxatkyzy_" деп жазылған. Жалған парақшадағы оқырмандар саны - 900 мыңнан астам, ал шын аккаунтта екі миллионнан астам оқырман бар.