Кино & театр

«Сырғалым» телехикаясының екінші маусымы наурыз айында көрерменге жол тартады

 3 наурызда «Қазақстан» ұлттық арнасы арқылы «Сырғалым» телехикаясының екінші маусымы көрерменге жол тартады. Жаңа бөлімде оқиға желісі банк кеңсесінің қабырғасында өрбіп, жас қыз өз отбасының шаңырағын шайқалтпауға тырысып, мансап баспалдағымен өрлеуге тырысады.

Сериал Ұлттық арнаның тапсырысымен «Көркем фильм» киностудиясында түсірілді. Екінші кезңеді түсіруге 3,5 ай уақыт жұмсалды.

Сериал авторларының айтуынша, жаңа кезеңде көрермендерді жаңа кейіпкерлер — Лидия Каденова мен Сәкен Рақышев күтіп тұр.

Қоюшы режиссер Рашид Сүлейменов «Сырғалым» сериалында басты мақсат идеологиялық насихат екендігін атап өтті.

«Әрине, сырт пішінінен идеологиялық мақсат көрініс бермейді. Сол арқылы біз өз көрермендеріміздің санасында дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға талпынып жатырмыз. Бұл қала мен ауылдың бірігуі, этностардың бірігуі. Қазақ тілін насихаттау — басты міндет. «Қазақстан» арнасының тыңғылықты жұмысының арқасында бізде қазақ тілі барынша сахнаға бейімделген. Түсірілім алаңында екі редактор жұмыс жасайды, олар қазақ тілінің дұрыс қолданылуын қадағалайды. Сериалда қазақ тілінің сауатты қолданылатынын білікті лингвистер де айтып отыр. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш», — деді режиссер.

Бірінші бөлім 2014 жылдың басында көрсетілді. Жаңа сериалды 1 млн-ға жуық адам тамашалады. Кейін «Сырғалым» сериалы «2014 жылдың үздік сериалы» аталымын, ал басты рөлді сомдаған актриса Жұлдыз Маханова «Ең үздік актриса» атағын жеңіп алды.

 ҚазАқпарат

Пікірлерді оқу (1)

1 пікір

  1. Айгерим

    27.02.2015 , 09:42

    Менде осындай тарбиели казак тилин уйрететин сериал га туским келеди комектесе аласыздарма?? жане сыргалым телехиякаясына шыгармашылык табыс тилеймин оте керемеет!!

Кино & театр
1 310 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

shymkent

Kino.kz сайтына «Потому что Шымкентский» фильміне байланысты қоқан-лоқы көрсетілді

576 рет оқылды01.04.2015
k1

Тұрсынов трилогиясына нүкте қойды (ФОТО)

241 рет оқылды31.03.2015
sanjar

Санжар Мәдиев ресейлік боевикте ержүрек батыр рөлін сомдайды

262 рет оқылды31.03.2015
alya

Әлия Назарбаева «Дорога к матери» фильмінің бас продюсері болды

504 рет оқылды31.03.2015
recetir

«Рэкетир-2″ мамыр айында көрерменге жол тартады

602 рет оқылды27.03.2015
tutov

Эксклюзив! Нұржан Тутов «Тамашаның» режиссері қызметіне кірісті

812 рет оқылды26.03.2015