Кино & театр

Kino.kz сайтына «Потому что Шымкентский» фильміне байланысты қоқан-лоқы көрсетілді

Kino.kz сайтының әкімшілеріне «Өйткені шымкенттік» («Потому что Шымкентский») фильміне қатысты қолданушылар қалдырған жағымсыз пікірлерге бола қоқан-лоқы көрсетілді.

Осыған байланысты «Қазкоммерцбанкке» тиесілі сайттың әкімшілігі фильмге қатысты пікірлерді жариялауды тоқтатуға шешім қабылдады. «Табынушылар мен фильмге қарсы адамдардың әрекеттеріне, сондай-ақ сайт әкімшілігіне жасалған қоқан-лоқыға байланысты фильм прокаттан шыққанша рецензияларды шығару тоқтатылады», — деп жазды әкімшілер сайтқа.

Қазкоммерцбанктің БАҚ-пен және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Сергей Чикиннің айтуынша, сайттың әкімшісіне жағымсыз пікірлерге байланысты сотқа жүгінетіні туралы SMS-хабарлама келіп түскен. Сонымен қатар, басты рөлді сомдаған Айәсем Масақбаева да қоңырау шалып, «Өйткені шымкенттік» фильміне қатысты сайттағы жағымсыз пікірлердің барлығын өшіріп тастауды талап еткен.

«Өйткені шымкенттік» фильмінің режиссері Жәнібек Жанқараевтың айтуынша, ол қоқан-лоқының кімнен келіп түсуі мүмкін екенін білмейді. «Кімнің жіберуі мүмкін екенін білмеймін. Маған фильмді көрген көптеген көрермен фильм туралы жақсы пікірлерінің сайтқа шығарылмағаны туралы хат жазды. Қарасақ, сайтта тек жағымсыз пікірлер ғана қалыпты», — деді ол.

Айта кетейік, «Өйткені шымкенттік» фильмі 19 наурыз күні қазақстандық прокатқа шықты. Лента, сюжет бойынша, көпшілік жақтыра бермейтін Шымкент тұрғындарының ауыр тағдыры туралы. Жас жігіт Алматыға келіп, бір қызға ғашық болып қалады. Ал қыздың ата-анасы шымкенттіктерді жақтырмайды. Айәсемге деген махаббат оның Шымкенттен емеспін деп өтірік айтуына алып келеді. Кейіпкер өтірікке неғұрлым терең батқан сайын, жағдай да одан әрі ушыға береді.

Ақпарат: Tengrinews.kz

Пікірлерді оқу (1)

1 пікір

  1. Дана

    01.04.2015 , 21:17

    Кызык кино, копшиликтин конилен шыкты

Бөлімнің басқа жаңалықтары

3_220

Тұрсынбек Қабатов оралдық жерлестеріне 500 мың теңге аударды

735 рет оқылды18.04.2015
prikaz

Қазақстанда төрт сериялы соғыс драмасы түсіріледі

574 рет оқылды11.04.2015
k1

Тұрсынов трилогиясына нүкте қойды (ФОТО)

678 рет оқылды31.03.2015
sanjar

Санжар Мәдиев ресейлік боевикте ержүрек батыр рөлін сомдайды

654 рет оқылды31.03.2015
alya

Әлия Назарбаева «Дорога к матери» фильмінің бас продюсері болды

985 рет оқылды31.03.2015
recetir

«Рэкетир-2″ мамыр айында көрерменге жол тартады

915 рет оқылды27.03.2015