«Приказ вернутся живым» атты соғыс драмасы Қазақстанда түсіріледі.
Картина режиссері Алексей Горлов. Оқиға желісі бүгінгі күнгі көрініспен бастау алмақ. Көрермендер басты кейіпкерлермен бірге өткен шаққа ауысып кетеді. Режиссер көріністің барлығын флешбэк түрінде құрастырған. Соғыс эпизоды – екі ардагердің естеліктері болып табылады. Басты рөлді Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының актері Дәурен Серғазин ойнайды. Бұрын ол «Жаужүрек мың бала» фильміне түскен. Жеңістің 70-жылдығына арналған «Приказ вернуться живым» соғыс драмасын «Хабар» телеарнасынан 9 мамырда көрсетіледі.
Ақпарат: tengrinews.kz

Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS