Шоу-бизнес

Ерден Жақсыбеков әке атанды

“V-Alem” тобының мүшесі Ерден Жақсыбеков әке атанды.

Шаңырақ көтергеніне жуырда екі жыл болатын әншіге жары Динара ұл сыйлады. Көпшіліктен қуанышты хабардың сүйіншісін Ерденнің әріптесі, “V-Alem-дік” Жалын Тілеуберген инстаграмда сұрап үлгерді. Тұңғыш рет әке атанған әншіге хабарласып, қуанышымен құттықтадық. Ол, ерекше сезімді бастан кешіп тұрғанын жасырмады.
Бөбектің есімі әзірге белгісіз. Ерденнің айтуынша, баланың атын ата-әжесі қояды. «Таңдау өздерінде болғанымен, жарымыз екеуміздің де көңілімізге қарап, ортақ шешімге келеміз ғой»,- дейді әнші. 3 келі 400 грамм сәбиді дүниеге әкелген Ерден Жақсыбековтың жары да өнер ауылынан алыс емес. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын тәмамдаған актриса.
Ерден – Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі.Негізгі мамандығы- музыкалық-драма актері. Бала кезінен ерекше дауысымен көпке танылып, талай байқауларда топ жарды. Хабар арнасындағы «Жұлдызды дода» шоуының ІІ маусымының жеңімпазы. Карьерасын жеке орындаушылықпен бастаған ол, қазір әнші, продюсер Алмас Кішкенбаевтың жетекшілігіндегі «V-Alem» тобының әншісі.
«Baistars.kz» ұжымы бөбектің бауы берік, еліміздің үлгілі азаматы болсын деген тілегін білдіреді.

Пікірлерді оқу (1)

1 пікір

  1. Гулжайна

    16.04.2015 , 22:31

    Алма алма агашынан алыска куламайды демекши ,дуниеге келген сабидин бауы берик болып журегинде иманы ,бойында кураны ,жузинде нуры бар халыктын улкен жанашыр азаматы болып өсуди Аллах насип етсин Инш Аллах!

Шоу-бизнес
1 399 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

t5d94jSIfPY

Шаба Әденқұлқызы ана атанды

164 рет оқылды02.09.2015
5xiOUWsUoPc

Ринат Зайытов: «Ешқашан ұлттық мүддені саудалаған емеспін, саудаламаймын да!»

610 рет оқылды02.09.2015
eJqPIkvoZRQ

Ерболат Беделхан жаңа жобасын таныстырды

214 рет оқылды02.09.2015
photo_76954

Қарақат Әбілдина кішкентай ұлын намазға үйретіп жатыр

214 рет оқылды01.09.2015
Копия 11731724_927108727362174_6289471089346403488_o (1)

Роза Әлқожа: «Қазақтың топырағы барда, ұлтымыздың кеудесіндегі цензура бұзылмайды»

107 рет оқылды01.09.2015
97_main

Астаналық бишілер Кореяда өтетін Әлем біріншілігінде Қазақстанның намысын қорғайды

64 рет оқылды31.08.2015