Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі 1 мамырда сағат 10.00-де Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтетін болды (Абай даңғылы, 103).
Ал мұның алдында рәсімнің Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимаратында (Қалдаяқов көшесі, 35) 1 мамырда сағат 10.00-де өтетіні айтылған болатын. Кейін марқұмның достары мен тыңдармандары қалалық әкімдіктен ақтық сапарға шығарып салу рәсімінің Республика Сарайында өтуін сұрады, бірақ рәсімді Әуезов атындағы драма театрында өткізуге шешім шығарылды. Шараға әртістің туыстары мен жақындары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, әкімдік өкілдері, сонымен қатар, қазақстандық шоу-бизнес өкілдері қатысады. Батырхан Шүкенов Кеңсай зиратында жерленеді.
Әнші қаза болған күні оның тыңдармандары Астана мен Алматыда жиналып, оны еске алды. Астанада мыңдаған адам Жағалаудағы Кенесары ескерткішінің жанына жиналса, Алматыда Республика Сарайының алдына жиналған халық гүл шоқтарын қойып, талантты музыканттың әндерін шырқады.
Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов29 сәуірге қараған түні жүрек талмасынан Мәскеудегі пәтерінде қайтыс болды. Оның ағасы Бауыржан Шүкеновтің айтуынша, әнші соңғы кездері денсаулығының мәз емесін айтып жүрген. Орындаушының директоры Олжас Байқановтың айтуынша, Батырхан Шүкенов «Один в один» шоуының дайындығынан кейін үйіне барған, сол жерде өзін нашар сезініпті. Музыкант өзіне жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер Шүкеновтің өмірі үшін екі сағаттан аса уақыт күресті, ол бірнеше рет есін жиғанымен оны құтқару мүмкін болмаған.
Ақпарат: http://kaz.tengrinews.kz/


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS