Қазақстан ұлттық құрама командасы дзюдодан әлем біріншілігіндегі жекелей сынды Елдос Сметов пен Рустам Ыбыраев жеңіп алған бір алтын, бір күміс медальмен аяқтап отыр.

Өкінішке орай, әлем чемпионатының алтыншы күнінде қазақстандық спортшылар жанкүйерлерін қуанта алмады. Гүлжан Исанова мен Ержан Шынкеев бірінші кездесулерінде жеңілсе, Максим Раков екінші айналымда сүрінді. Француз Сирилл Маретт Раковты бір «шидо»-мен жеңіп кетті. Төрешілердің шешімімен келіспеген жанкүйерлер Максимге қошеметтерін білдірді, Жекелей сындағы жарыс жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы бұл әлем чемпионатында екі медаль ұтып алған: «алтын» — Елдос Сметов, «күміс» — Рустам Ибраев. Ертең әлем чемпионатында командалық жарыс өтеді.
Ақпарат: confederation.kz


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS