Азия чемпионатында жартылай финалдық бәсекелер аяқталды. Нәтижесі бойынша қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Vesti.kz
Ал 52 келіде Олжас Сәттібаев қырғызстандық қарсыласынан басым түсе, 60 келідегі Закир Сафиуллин жапон боксшысынан мықты екендігін байқатты.
Команда капитаны Данияр Елеусінов 69 келіде өткен шиленісті жекпе жекте моңғол спортшысын жеңді. 81 келіде Әділбек Ниязымебетов Ираннан, ал аса ауыр салмақта Иван Дычко иорданиялық боксшыдан басым түсті. Сонымен қатар, Василий Левит те қарсыласын жеңді. Осылайша финалға 6 боксшымыз шықты. Ақтық кездесулер 5 қыркүйек күні өтеді.







Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS