Қазақстанның үздік дизайнерлері АҚШ-қа барады.
Дизайнерлер Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларына барып, өзге елдегі әріптестерімен тәжірибе алмасады.
Алматыдағы АҚШ бас консулдығы қазақстандық дизайнерлер арасында байқау ұйымдастырып, арнайы бағдарламаға үздіктерін таңдады.
Олардың қатарында Гаухар Ахметова (Kiori), Салтанат Баймухамедова (Salta), Саят Досыбаев (Atelier Artisan, KFW), Сауле Джамиль (Pentatonica), Ерлан Жолдасбеков (Leko-Fashion), Айгерім Исмаилова (Avoli), Аида Кауменова (Aida KaumeNOVA), Камила Курбани (Kamila Kurbani), Ольга Станишевская (Olga STAN & endorФin) және Алексей Чжен (Alex Chzhen, KFW) бар.
Қазақстандық делегация АҚШ-та 1-9 қазан аралығында болады.








Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS