Мәскеудің «Борродино холл» концерт залында «Новая волна – 2015» байқауының жартылай финалы өтті. Қазылар қатарында сайыстың музыкалық продюсері Анастасия Мухина, композитор Игорь Николай және Игорь Крутой болды.
Қазақстанның атын қорғаған алты үміткердің екеуі аталған ән байқауының финалына жолдама алды. Ademi-ден бөлек, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының жігіттерінен құралған «VoiceKZ» тобы да ақтық кезеңде бақ сынайтын болды.
«VoiceKZ» квартеті «ІІ Divo» тобының репертуарындағы әлемдік хит және сазгер Брендон Стоунның авторлық әнін шырқады. Қазылар алқасы жоғары бағалаған квартет осылайша финалға жолдама алды.
Төрт жігіттен құралған топты осыдан екі жыл бұрын, қазіргі мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құрған болатын. Топ мүшелері – Қуандық Шалқарұлы, Асан Әбілмәжінов, Саяхат Арашанбеков пен Нұрхат Сегізбай.
Бүкіл ел үмітін арқалаған қос үміткеріміз қанжығамызды жеңіспен толтырарына сенеміз.


гул
29.04.2015 , 21:03
Молдир бару керек еди ол жениспен кайтатынына сенимдимин