Шоу-бизнес

Астаналық өнер жұлдыздарының алғашқы продюсерлік орталығы ашылды

30 сәуірде «ASTANA MUSIC HALL» сарайында Астаналық өнер жұлдыздары мен кәсіби музыканттарға арналған елордадағы алғашқы «ZHANDAUS» продюсерлік орталығының ашылуына орай баспасөз мәслихаты өтті. Оған продюсерлік орталық жетекшісі Жан Мұқанов, музыкалық продюсер Сырым Нәбиқұлов, әнші Ринат Малцагов, «Қамарсұлу» және белгілі Ресейлік дизайнер Игорь Гуляев қатысты.

«ZHANDAUS» продюсерлік орталығының негізгі мақсаты — өнер жолында бұрыннан жүргенмен, насихат жетіспейтін әншілер мен Елордалық жас орындаушыладың шығармашылығын елге кеңінен таныту. Аталған орталық құрамына қазір алты жоба кіреді. Әр жобаның өз бағыты бар.

«ҚАМАРСҰЛУ» – негізінен халық және халық композиторларының әндерін орындайды. Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші Жазира Байырбекованың туған әпкесі.

Ринат Малцагов – әнсүйер қауымға «superstar.kz» жобасы арқылы танылып, «Перцы» тобының құрамында өнер көрсеткен. Бүгінде Астаналық жеке орындаушы ретінде сахнаға шығып жүр.

«Smoky Eyes» — Астаналық GIRLS BAND. Қазіргі қазақ эстрадасындағы жалғыз квинтет. Топ құрамы: Вероника Жангалова, Әсел Ташарова, Әсел Бертаева, Карина Садықова, Диляра Темірбекова.

Сара Исак – түрлі жанрда, бірнеше тілде ән шырқайды. Ыстамбұлда білім алған, он жыл Түркияда тұрған.

«Сұлтаным» дуэті – қазақ эстрадасында бұрын-соңды болмаған дуэт. Ақерке, Назерке есімді егіз қыздардан құралған топ.

Нина – саксофонда өзі ойнап, әнді өзі орындайтын бойжеткен. Репертуары негізінен қазақ тіліндегі туындылардан тұратын орыс қызы.

Тұсауы кесілетін бейнебаяндар Астанада, Алматыда Бали аралдарында, Ыстамбұлда және Ташкентте түсірілген.

Шақыру билетімен қоса арнайы жасалып, есімдері ойылып жазылған домбыра сыйға  алған кеш қонақтары «ZHANDAUS»  продюсерлік орталығын өнер әлеміне басқан алғашқы қадамымен құттықтап, мәдениет саласына үлкен үлес қосатын орталыққа айналады деген үміт білдірді.

Кеште продюсерлік орталықтық жобалары жанды дауыста ән шырқан, Игорь Гуляев сән үйінің, «TARIKEDIZ» бутигінің және «BRIDE ROOM» той салонының жаңа топтамаларының көрсетілімі болды.

11204666_826801380729947_589471169_o

 

ersayinergenbay-2 ersayinergenbay-4 ersayinergenbay-6 ersayinergenbay-7 ersayinergenbay-9 ersayinergenbay-12 ersayinergenbay-13 ersayinergenbay-14 ersayinergenbay-16 ersayinergenbay-18 ersayinergenbay-19 ersayinergenbay-20 ersayinergenbay-21 ersayinergenbay-22 ersayinergenbay-23 ersayinergenbay-24 ersayinergenbay-25 ersayinergenbay-26 ersayinergenbay-27 ersayinergenbay-28 ersayinergenbay-29 ersayinergenbay-30 ersayinergenbay-31 ersayinergenbay-32 ersayinergenbay-33 ersayinergenbay-34 ersayinergenbay-35 ersayinergenbay-36 ersayinergenbay-37 ersayinergenbay-38 ersayinergenbay-39 ersayinergenbay-40 ersayinergenbay-41 ersayinergenbay-42 ersayinergenbay-43 ersayinergenbay-44 ersayinergenbay-45 ersayinergenbay-46 ersayinergenbay-47 ersayinergenbay-48 ersayinergenbay-49 ersayinergenbay-51 ersayinergenbay-52 ersayinergenbay-53 ersayinergenbay-54 ersayinergenbay-55 ersayinergenbay-56 ersayinergenbay-57 ersayinergenbay-59

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

image-30-04-15-05-47-12

Ілияс Байбосынов түлектерге тарту жасады

167 рет оқылды02.05.2015
q8

Қазақша роктың жұлдызы Әсем ана атанды

635 рет оқылды30.04.2015
178ad8199dfa97275f6aea08e0786bb6_L

Шүкеновтeр шаңырағының фотоальбомынан эксклюзивті суреттер

1 929 рет оқылды30.04.2015
photo_16392

Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі Алматыдағы Әуезов атындағы театрға ауыстырылды

801 рет оқылды30.04.2015
Ckonchalsya_batyirhan_shukenov

Батырхан жайлы әріптестерінің айтқан естеліктері

2 168 рет оқылды29.04.2015
302146

Батырхан Шүкенов: «Өмірде барлығы қарызға беріледі»

1 855 рет оқылды29.04.2015