ТВ

«Фериха» сериалындағы басты рөлді сомдаған түріктің танымал актрисасы Хазал Кая отандық телеарнаға экслюзивті сұхбат берді


«Астана» телеарнасында су жаңа жоба – «Фериха күнделігі».
Тұсаукесер! Миллиондар сүйіп көретін «Фериха» телехикаясы қалай түсірілгенін білесіз бе?! Басты рөлді сомдайтын әртістер кастингтерден қалай өткен? Түсірілім алаңында қандай қызықтар болғанынан хабар алғыңыз келе ме? Ендеше «Астана» телеарнасынан шығатын «Фериха күнделігін» жіберіп алмаңыздар. Сіз білмейтін дүние көп. Сіз сенбейтін ақпарат та табылады.

Фериха сериалындағы басты рөлді сомдаған түріктің танымал актрисасы Хазал Кая отандық телеарнаға экслюзивті сұхбат берді. Түріктің ең жоғары гонорар алатын жас актрисасы түрік журналистеріне оңайлықпен сұхбат бермейді. Соңғы сухбатын жергілікті телеарнаға осыдан бес жыл бұрын берген екен. Алайда қазақ журналистерінің жолы болды. Хазал Кая қазақстандық көрермендер үшін ағынан жарылды. Басты рөлді сомдаған Әмірмен, яғни актер Чагатай Ұлысоймен өмірде қандай қатынаста екеніне дейін айтып берді. Қандай дертпен күресіп жүргенін де жасырмады.
«Фериха күнделігі» «Фериха» телехикаясында басты рөлді ойнаған түрік актерларынан эксклюзивті сұхбат алатын циклдік жоба. Әртістер түсірілім алаңына қалай келгенінен бастап, жеке өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертеді. Мұндай жоба Қазақстан телеарналарында бұрын-соңды болмаған. Түріктің мега жұлдыз актерларынан эксклюзивті сұхбат. Су жаңа жоба «Астана» теларанасында. «Фериха күнделігі». Бүгін, 28 мамырда, кешкі 22:45-те. Астананың айтары бар.

11139980_1447088928922450_1177048974150201385_n-111011990_1447087862255890_6604144528815153000_ounnamed (1)unnamed

Пікір жазыңыз
ТВ
1 213 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

182

«Жаңа күн» бағдарламасы қалай түсіріледі? (фото)

527 рет оқылды21.05.2015
1b204f2823dced6657bc1cc4db1f41c4

Бекболат Тілеухан айтыскер Ринат Зайытовтың өлеңіне қатысты пікір айтты

3 325 рет оқылды11.05.2015
unnamed (0)

Ел марапатына лайық ержүрек жандар туралы «Шын жүректен» реалити-шоуы сыр шертеді

403 рет оқылды10.04.2015
kamil1

Қазақстандық тележүргізуші танымал ресейлік телеарнаға қызметке орналасты

1 713 рет оқылды02.04.2015
aigul

Айгүл Мүкей: Орысша сөйлеуіме ұлым себеп

2 483 рет оқылды30.03.2015
photo_63329

Лақпа айтыс қайта жалғаспақ

3 113 рет оқылды06.01.2015