Бүгін Алматыда заманауи түркі тілдес елдердің тарихындағы алғашқы және жалғыз «Bala Turkvizyon» (Детский Turkvizyon) Халықаралық балалар әні байқауының өз бастауын алғаны жарияланды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қолдауымен Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» жеке қоры байқаудың ұлттық іріктеуін ұйымдастырушы болып ат салысты.
Конкурстың концепциясы елдің барлық өңірінен келген дарынды балаларды ашу және оларға қолдау көрсету арқылы түркі халықтарының бірігу идеясын жүзеге асырады. Алматыда өткен баспасөз конференциясында ұйымдастырушылар 8 маусымнан бастап 1 тамызға дейін бүкіл Қазақстан бойынша байқауға қатысушыларды іріктеудің жүргізілетіндігін хабарлады. «BALA Turkvizyon–2015» -ке қатысуға 8 жас пен 13 жас аралығындағы балалар жіберіледі. Күзде түркі әлемінің астанасы Мары (Түрікменстан) қаласында өтетін «Bala Turkvizyon» Халықаралық балалар байқауының Гранд-финалына жолдама Ұлттық сатының басты жүлдесі ретінде болмақ.
Халықаралық жоба 2013 жылғы 30 мамырда Алматы қаласында өтетін гала-концертте салтанатты түрде өз бастауын алатын болады, мұнда эстрада жұздыздары мен жас музыканттардың орындауындағы әйгілі қазақстандық хиттер шырқалады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры «Хабар» телеарнасының эфирінде 1 маусымда көрсетілетін концерттің бас әріптесі болып табылады.
Тұрғылықты жеріне тәуелсіз кез келген бала Қазақстандағы «Bala Turkvizyon»-ң қатысушысы бола алады. Қазақстанның 16 жас әртісі өз туған өңірлеріндегі кастингтерді өткізеді, олардың ішінде – Маржан Арапбаева, Ринат Малцагов, Дастан Оразбеков, Камшат Жолдыбаева және т.б. бар. Өңірлік іріктеу нәтижелері бойынша 16 қатысушы анықталып, әртістердің әрқайсысы жобаға қатысатын бір-бір конкурсанттың продюсеріне айналады. Іріктеудің қалай жүріп жатқанын Байқаудың күнделігін көрсететін қазақстандық телеарналардың эфирінен тамашалауға болады.
Әрбір өңірде көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан 3 дарынды баладан анықталып, олар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры тағайындаған сыйлықты иеленеді.
«Шығармашыл жастарға қолдау көрсету Қор қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біз барлығымыз өз балаларымыздың табысқа қол жеткізуін қалаймыз. «BALA Turkvizyon» байқауы– бүкіл әлемге өз дарыныңды көрсетудің бірегей мүмкіндігі. Біз Қордың Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген дарынды балаларға кезекті рет қолдау көрсетіп отырғанын мақтан тұтамыз», – деп атап өттіҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының атқарушы директоры Сағындык Нұраханов.
Барлық байқауға қатысушылар жұлдызды үйде тұрады. Қазақстан мен ТМД-ң ең үздік ұстаздары оларды вокалдық және әртістік шеберлікке, сахнадағы қозғалыстарға және хореографияға үйретеді. Байқауға арнап әдейі 16 жаңа композиция жазылып, Астана қаласындағы финалдық концертте олардың тұсауы кесіледі.
Финалда қазылар алқасының мүшелері байқаудың жеңімпазын анықтап, ол «Bala Turkvizyon» -ң гранд-финалында Қазақстан Республикасын танытуға аттанады. Байқауға қатысушылар сыйлықтар мен гранттардың лауреаттарына айналады және өз оқуларын жалғастырып, бұдан әрі ұштала түсу мүмкіндігіне ие болады.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS