Гостиницы в Алматы
2016-11-21 16:52:05 429 1

Танымал журналист өзін "құдай жазасын берді" деп табалағандарға жауап беріп, сынақтың бәрі Алладан екенін еске салды. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

Ол жол апатына түскен ауыр күнді есіне алып, адамдарды жақсы сөйлеуге шақырды.

"Бүгін тура 6 ай болды. Осыдан 6 ай бұрын таксиде кетіп бара жатып жол апатына ұшыраған едім. Алла сақтап аман қалдық, жанашыр жандардың, осындағы елдің дұғасының арқасында ем қонып қазір шүкір, алғашында екі таяқпен, сосын бір таяқпен, қазір Құдай берген аяқпен жәй-жәй жүрудемін. Қарап отырсам жарты жыл уақыт өте шығыпты.

Біреуге көп, біреуге аз, мен үшін бұл уақыт босқа кеткен жоқ. Күйзеліске де түспедім, сабырлық таныттым, күрестім, бір белеске шықтым", - деген ол қиындықпен қалай күрескенін жасырмай айтты.

"Қайбір күні бір таныс "Бог тебя наказал" деп жазып жіберіпті. Жауап қайтармадым. Себебі түсінігі сонша таяз адамға оны ұғындыру үшін бір смс аз болады, бір күн жеткіліксіз. Жылдар керек... Айтқан жерден бәле аулақ, егер сол адамның ағасы немесе інісі осындай жағдайға душар болса оларға да осылай айтар ма екен? Жоқ, ол кезде басқаша сайрайды.

Көрдіңіздер ме, өзіміз сондай әділетсізбіз, бірақ әділеттілік жоқ деп аx ұрамыз. Әділеттілікті әркім өзінен бастау керек. Ал, бұл жол апатын мен жаза деп қабылдамаймын. Жаратушы бізге өлшеп ғұмыр берді, тағдырымызға түрлі сынақтар жазды. Әркімде әрқалай.

Мен бұны сол сынақтардың бірі деп есептеймін. Әлемде қаншама жағдайлар болып жатыр, ауруxаналардағы бейкүнә сәбилер бар, сырқаттанып жатқан жандар өте көп. Олардың бәрін "Алла жазалаған жоқ". Олар да уақытша сынақтан өтуде", - деп жазды ол.

Бүгін тура 6 ай болды. Осыдан 6 ай бұрын таксиде кетіп бара жатып жол апатына ұшыраған едім. Алла сақтап аман қалдық, жанашыр жандардың, осындағы елдің дұғасының арқасында ем қонып қазір шүкір, алғашында екі таяқпен, сосын бір таяқпен, қазір Құдай берген аяқпен жәй-жәй жүрудемін. Қарап отырсам жарты жыл уақыт өте шығыпты. Біреуге көп, біреуге аз, мен үшін бұл уақыт босқа кеткен жоқ. Күйзеліске де түспедім, сабырлық таныттым, күрестім, бір белеске шықтым. Қайбір күні бір таныс "Бог тебя наказал" деп жазып жіберіпті. Жауап қайтармадым. Себебі түсінігі сонша таяз адамға оны ұғындыру үшін бір смс аз болады, бір күн жеткіліксіз. Жылдар керек... Айтқан жерден бәле аулақ, егер сол адамның ағасы немесе інісі осындай жағдайға душар болса оларға да осылай айтар ма екен? Жоқ, ол кезде басқаша сайрайды. Көрдіңіздер ме, өзіміз сондай әділетсізбіз, бірақ әділеттілік жоқ деп аx ұрамыз. Әділеттілікті әркім өзінен бастау керек. Ал, бұл жол апатын мен наказание деп қабылдамаймын. Жаратушы бізге өлшеп ғұмыр берді, тағдырымызға түрлі сынақтар жазды. Әркімде әрқалай. Мен бұны сол сынақтардың бірі деп есептеймін. Әлемде қаншама жағдайлар болып жатыр, ауруxаналардағы бейкүнә сәбилер бар, сырқаттанып жатқан жандар өте көп. Олардың бәрін "бог не наказал". Олар да уақытша сынақтан өтуде. Мен ол жандарға сабырлық, төзім, күш-жігер, шипа тілеймін. Мақсат қойыңыздар, күресіңіздер, жақсылыққа сеніңіздер, әрнәрсенің қайыры бар. Алла бізді жазалайды ма әлде мейіріміне бөлейді ме, оны өзі біледі, біз білмейміз, уақыт көрсетеді. Ванга болмай-ақ қояйықшы. Біздің міндетіміз адамдықтан аттамау, өзгелерді даттамау. Дүниеге адам боп келу, адам боп өлу. Баршаңызға амандық тілеймін.

Фото опубликовано Askhat SADYRBAY (@askhatsadyrbay)

Пікірлер

  • Алибекова Лаззат
    Асхат саган толыктай косыламын жане сени колдаймын.Аллахым жар болсын!

Пікір жазу