Гостиницы в Алматы
2017-07-05 12:41:36 75 0

Бірінші қазақстандық гольф-клуб «Нұртау» мен Алматы қаласының әкімдігі бірлесіп, 6 жастан 13 жасқа дейінгі жасөспірімдерді алғаш рет тегін гольф ойнауды үйретпек.

Кәсіпқой бапкерлер күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін, топтарға бөлінген балалар арасында шеберлік сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар, қатысушылар өздеріне ыңғайлы уақыт пен күнді таңдап, аптасына екі рет бір сағаттан жаттыға алады. Жаттығулар жүгіру мен шынығудан 8:45 таңертеңнен басталады. Ал келесі топтар 10:00, 14:30, 15:45 и 17:00 уақыттарында келе алады.

— Сабақтар ақысыз өткізіледі. Біз барлығын керекті жабдықтармен өзіміз қамтамасыз етеміз. 6-13 жас аралығындағы жеткіншектер бізге келіп, гольф ойынының әдістерін меңгере алады. Қазірдің өзінде біздің бағдарламаға 300 бала түрлі қала аудандарынан келіп, қызуғышылығын танытып жатыр. Біз қатысушылар санын көбейтпекпіз, мақсатымыз гольфты елге таныту. Қаланың барлығын қамтып, жақсы ойыншыларды іріктейміз. Алдағы уақытта атқарар жұмысымыз да, мақсатымыз да аян, — деп атап өтті балалар академиясының бас бапкері Александр Вонгай.

 

Пікір жазу