"Эфирде жасандық қажет емес. Бұл менің ең басты ережем. Сіз өзіңіз байқап отырғандай, менде ешқандай жасанды шаш, кірпік, тырнақ жоқ. Ерінді де мен үлкейтіп көрген емеспін. Менде жасанды ештеңе жоқ. Мен бұл әйелдерге арналған заттарға құмар емеспін. Жасанды қас өте керемет салынса да, жасанды екені көрініп тұрады. Онда оны жасатудың не қажеті бар? Шашым қысқа болса да, жасанды жасағаннан гөрі, жақсы күтілген, жылтыр болғанын қалаймын" - дейді Мәдина Балғабаева. Сонымен қатар жасандылық еркектерге де ұнамайтынына сенімді. Әйел өзін әрқашан күтіп ұстаса, сонда ғана күнделікті сұлу болады.
Сонымен қатар тележүргізуші осы салаға сырттан келіп, танымал болуды көздегендер ұзаққа бармайтынын айтты. "Әр мамандық өз жүгін арқалау керек. Қазіргі таңда көптеген қыздардың арманы эфирге шығу. Олар жалт етіп эфирден көріну, танымал болуды қалайды. Ол дұрыс емес. Себебі ол үлкен жұмыс, ол үлкен жауапкершілік. Алайда, уақыт өте келе іріктеу барлығын өз орнына қояды. Өйткені сол мамандықты нағыз жақсы көретін, сол мамандықтың қыр-сырын білетін адам қанша жылдар өтсе де сол мамандықта қалады. Телевизияға танымыл болу үшін ғана келетін адамдар бірнеше айдың ішінде жоқ болып кетеді, менің өмірлік сүйетін ісім деген адамдар қалады. Жалпы журналистикаға кездейсоқ келген адамдар бұл мамандықты көпке шыдамайды. Сондықтан оны алаңдатудың қажеті жоқ. Іріктеу барлығын көрсетеді" - деп түйіндеді тележурналист.