Шенеуніктің сөзіне қарағанда, аталған туристік компаниялар өздерінің сайттарында Singer жобасына қатысып жатқан Димаштың фотосуреттерін жариялап қойған. Осылайша олар қытай туристерінің Қазақстанға деген қызығушылығын арттырмақшы.
"Қытай компаниялары Димаштың суреті бар туристік пакеттер сатып жатыр. Бұл - әнші қол жеткізген табыстың Қазақстан имиджіне қалай ықпал етіп отырғанының тамаша мысалы. Димашты Қазақстан туризмінің бейнесі деуге келеді. Қытайлардың топтық саяхаты бізге керек, олар ақша алып келеді. Барлығы Димаш ЭКСПО-да өнер көрсетеді деп күтіп отыр. Қытайда ол өте танымал, әр тур сайын әлеуметтік желілердегі оқырмандарының саны артып келеді. Қытайларға жәй ғана Қазақстанға емес, Димаш тұратын елге келу қызық", - дейді ол.
Димаш Құдайбергенов Singer жобасының алтыншы кезеңінде "Adagio" әнін орындап, бірінші орынға болған еді.
11 ақпанда эфирден көрсетілген 4-кезеңде ол үшінші орын алды.
Сондай-ақ түсірілімі 9 ақпанда болған 5-кезеңнің де нәтижелері жарияланды.
Димаш Құдайбергенов қазір Қытайдағы танымал адамдар рейтингінде бірінші болып тұр.
Димаш 4 ақпан күні шоудың үшінші кезеңіне қатысып, үшінші орын алды. 28 қаңтар күні Димаш "Опера №2" әнін айтып, екінші кезең бойынша бірінші орын алған еді.
Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.
"Singer" жобасының көрсетілім кестесі туралы осы сілтемеден біле аласыздар.