Бүгін, 17 желтоқсан күні сағат 15.30-да Алматы және Астана қалаларында қазақ тіліне дубляждалған ғарыштық опера жанрындағы танымал «Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы» фантастикалық фильмінің тұсаукесері өтеді.Фантастикалық фильм «Жұлдыздар шайқасы. Эпизод VI: Джедайдың оралуы» картинасының жалғасы, сондай-ақ мемлекеттік тілде шыққан үшінші трилогияның басы болып табылады, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
Фильмнің оқиғасы Джакку шөлейтті ғаламшарында өрбиді, ал ал оның жаңа кейіпкерлері — шабуылдаушы Финн, бойжеткен Рей, По Дамерон, сондай-ақ Хан Соло, Чубакка, Люк Скайуокер және Лея ханшайым галактикалық империядан ауытқып кеткен бірінші реттеуші — мемлекет құрушымен күреске түседі.
«Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы» («Звездные войны: Пробуждение силы») — дубляждау бойынша жобаны қолға алғаннан бастап қазақ тіліне аударылған он үшінші фильм және ол 2015 жылғы танымал кино туындылардың шымылдығын жабатын шебер дубляждаған фильмдер қатарын толықтырмақ. Дубляж режиссері — Тимур Балымбетов.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS