Алматылық «Қайрат» клубы футзалдан Қазақстан Кубогын жеңіп алды, — деп хабарлайды Vesti.kz. Турнирдің финалында Какаудың шәкірттері «Астана-Тұлпар» клубынан басым түсті.
Алматыдағы «Зенит» спорт кешенінде өткен кездесу 6:0 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілді. Бірінші таймның өзінде «Астана-Тұлпар» қақпасына төрт доп соғылды. Дуглас 10 және 13-ші минуттарда дубль жасаса, оның соңынан Дінмұхамбет Сүлейменов (16) пен Игорь (18) тағы бір голдан салды. Екінші таймның 23-ші минутында Дуглас хет-трик жасады. Ал жеті минут өткен соң Шыңғыс Есенаманов бұрын өзі ойнаған командасының қақпасына тағы бір доп соқты.
Осылайша «Қайрат» өз тарихында 11-ші рет және төрт рет қатарынан Қазақстан Кубогын иеленіп отыр. Турнирде қола жүлде «Ұшқын-искра» командасын жеңген «Аят» клубына бұйырды.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS