Қазақстандық «Орда» тобы Turkvizyon байқауында екінші орын алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конкурста Қырғызстан музыканттары жеңімпаз атанды. Қырғыз әншісі 194 ұпай жинаса, қазақстандық «Орда» тобы «Олай емес» атты әнімен тоғыз ұпайға кем жинай алды, яғни 185 ұпай алып отыр. Ал үшінші орынды Түркия атынан шыққан өнерпаз жеңіп алды.

Жеңіске жеткен қырғыз әншілері
Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысының тумасы, 12 жастағыТұрсынхан Еркіннің Ыстамбұлда балалардың Bala Turkvizyon халықаралық ән конкурсында екінші орын алғаны хабарланған болатын.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS